Басты бетЖаңалықтарАсанов президентке...

Асанов президентке сотта ақталып шыққан адам саны 7 есе өскенін баяндады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот жүйесінің қазіргі даму барысы туралы баяндалды.

Жақып Асанов мемлекет басшысына азаматтық дауларды сотқа жеткізбей шешу мәселесі жөнінде айтып, кейінгі 3 жылда жоғарғы соттың осы бағытта жүзеге асырған жобалары жайлы айтты.

Оның айтуынша, бұрын істердің тек 2-3% ғана татуласумен аяқталса, қазір бұл көрсеткіш 37% жеткен.

Жоғарғы сот төрағасының деректеріне сәйкес, 2018 жылға дейін ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша бір жылда орта есеппен 23 адам ақталса, соңғы 4 жылда 160-тан астам азамат кінәсіз деп танылған. Яғни, көрсеткіш 7 есеге артқан.

Президентке мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімшілік юстиция туралы айтылды.

Жақып Асановтың айтуынша, былтырғы 1 шілдеге дейін азаматтар мен кәсіпкерлер қаралған істердің 85% бойынша мемлекеттік органдардан жеңілетін. Қазіргі таңда істердің 55% кәсіпкерлер мен азаматтардың пайдасына шешіледі.

Сонымен қатар кездесуде сот кадрларының сапасын жақсарту, азаматтардың сотта қорғалуын күшейту, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және басқа да міндеттер туралы айтылды.