Мемлекеттік филармонияның үрмелі аспаптар оркестрі көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлап, қазақ, орыс, поляк, француз, корей, итальян ұлт әндерін орындады.
Атап айтқанда, кеште корей халық әні – «Ариран», Д. Ф.Сузан – «Звезды и полосы», Карл Тейк – «Alte Kameraden», «Қазақстан күйлері», Наоми Шемер (Израиль) – «Yerushalaim» (Алтын Йерусалим), «Эдит Пиаф» – Франция, орыс халық әні – «Ах , Самара», украин халық әні – «Червона калина», Хосе Мария Кано (Португалия) – «Hijo de La luna» (Айдың ұлы), «Монюшка» – Польша, Т. Мұхамеджанов, Б. Тажібаев – «Іңкәрім-ай», М. Магомаев – «Әзірбайжан», Фрэнк Синатра (США) – «Мой пусть», Консуэло Веласкес (Мексика) – «Bessame mucho» (Мені көп сүйіңіз), Жорж Гарваренц (Франция) – «Мәңгілік махаббат», Е. Хасанғалиев (Қазақстан) – «Алматының алмасы», Франц Легар (Франц Легар) – ««Dein ist mein», Александра Пахмутова, Николай Добронравный (Белоруссия) – «Беловежская пуща», Чехия – «Карнавал», Абай (Қазақстан) – «Желсіз түнде жарық ай», Луиджи Денца (Италия) – «Fu niculì Funiculà».
Концерт оркестрдің көркемдік жетекшісі, әрі бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Қанат Ахметовтың басқаруымен өтті. Сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Игорь Благодарный, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты атанған – Береке Енкебаева, Нұрғалым Аманбайлар көрерменнің көңіл-күйін дөп басып, өнердің биік шыңына самғатты. Кеш соңы А. Островскийдің «Песня не прощается с тобой» әнімен аяқталды.
Аталмыш концерт Алматының тұрғындары мен меймандарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Филармонияның үлкен залы көрерменге лық толды. Бұл кеште орындалған түрлі ән мен мағынасы терең шығармадан керемет ләззат алып, әрбір туындыны ұйып тыңдаған көрермен классикалық өнердің құдыретіне тәнті болды.
Айта кетейік, 2021 жылы 24 қарашада ЮНЕСКО-ның (БҰҰ білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы) 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданып, оған Қазақстанның ұсынысымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Роза Тәжібайқызының 100 жылдығы енген болатын.