Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан топ 2019-2021 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тартылған қаражатты өз бағытына пайдаланбай, жеке тұлғалардан қаржылық пирамидаға активтерді тартуды қамтамасыз етті. Пирамидаға тартылған қаражат сомасы 80,5 миллион теңгені құрады, — деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін қаржы пирамидасын жарнамалағандар қылмыстық жауапкершілікпен жазаланатыны туралы хабарлаған болатынбыз.