Басты бетЖаңалықтарАбай және Ұлытау облыстарында мәслихат хатшылары сайланды

Абай және Ұлытау облыстарында мәслихат хатшылары сайланды

8 маусымда президенттің үш облысты құру туралы жарлығы заңды күшіне енді.

Жезқазғанда Ұлытау облыстық мәслихатының бірінші сессиясында мәслихат хатшысы болып 58 жастағы Бауыржан Шыңғысов сайланды.

Бауыржан Шыңғысов әр жылдары жүйе құраушы кәсіпорындарда және мемлекеттік қызметте әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2016 жылы VI шақырылымның депутаты, ал 2021 жылы VII шақырылымның Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Әлеуметтік-мәдени даму және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болды.

Семейде жетінші шақырылымдағы Абай облыстық мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Мәслихат хатшысы болып Қуаныш Сүлейменов сайланды.

Қуаныш Сүлейменов 49 жаста, Семей облысының тумасы. Көп жылдар бойы білім беру жүйесінде жұмыс істеді. Облыстық мәслихаттың хатшысы болып сайланғанға дейін «Шалабай» ЖШС бас директоры болды.

Айта кетейік, Жетісу облыстық мәслихатының бірінші сессиясының отырысы да бүгін болады.