Алматы әкімдігі 2022 жылы Баум тоғайындағы 500 ағашты кеседі. Олардың орнына жаңа ағаштар отырғызылады.
Баум тоғайында барлығы 104 мыңға жуық ағаш өседі. Оның 3 311-і құлағалы тұр. Бұл — орманның шамамен 3,1%-і.
Бұл – табиғи процесс. Табиғи ормандарда 10 жыл ішінде ағаштардың шамамен 5-10%-і құлайды. Алайда апатты жағдайдағы ағаштарға мамандардың көмегі, кеңесі керек. Мәселен, құлағалы тұрған ағаштар зең ауруына шалдыққан және оларды жақын арада кесіп тастамаса, алдағы 10 жылда тоғайдан айрылып қалуымыз мүмкін, – деді академик Бұлқайыр Мәмбетов.
Әкімдіктің мәліметінше, 37 187 ағашты емдеуді қажет. Бұлардың ішінде болмашы зақымданған немесе біржақты өсіп кеткен ағаштар да бар. Биыл ағаш діңдерін зиянкестерден қорғалады және қураған, қурап түскен бұтақтарды жинап, тазалау жұмыстарын жүргізіледі.