Конституцияға енгізілген өзгерістер күшіне енді

Осылайша Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Негізгі өзгерістер:

  • Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшеді;
  • Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі;
  • Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ;
  • Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады;
  • Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ;
  • Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады;
  • Сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады;
  • Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді;
  • Тұңғыш президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алып тасталады.

Еске салайық, елімізде республикалық референдум 5 маусымда өтті. Дауыс беру құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы қатысты.

Дауыс берушілердің келу көрсеткіші — 68,05%. Оның ішінде азаматтардың 77,18% (6 163 516 адам) Конституцияға өзгерістер енгізуге дауыс берді. Түзетулерге қарсы — 18,66% (1 490 470 адам). Бюллетеньдердің 2,58%-і жарамсыз деп танылды. Бюллетеньдердің 1,58%-і дауыстарды санау кезінде ескерілмеген.