Еуропалық одақ Қазақстандағы референдумға қатысты мәлімдеме жасады

ЕО қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін басталған әлеуметтік-экономикалық реформалармен қоса, 16 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси реформаларды құптайды. Біз сонымен қатар халықпен тікелей консультациялар өткізу және референдум барысын қадағалау үшін ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ны шақыру жөніндегі шешімді құптаймыз. Болашақта Қазақстан үшін ЕҚЫҰ ДИАҚБ ұсынымдарын толық орындау аса маңызды,- делінген хабарламада.

Ресми өкілдің айтуынша, Қазақстан Еуропалық одақ үшін маңызды әрі құнды әріптес болып қала береді.

Біз бейбіт жиналыстардың, пікір білдіру мен қауымдастықтың негізгі еркіндіктерін қоса алғанда, кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісіміміздің міндеттемелерін орындау, сонымен бірге байланыстарымызды, сауда және ынтымақтастығымызды дамыту үшін бірлесе жұмыс істейміз,- делінген хабарламада.