Жауаптардың екі нұсқасы да таңдалған, яғни, жарамды деп танылған, алайда дауыстары санау кезінде ескерілмейтін бюллетеньдер саны 1,58% немесе 125 859 бюллетеньді құрады. Қалған бюллетеньдер дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін емес деп танылғандықтан олар жарамсыз деп танылды. Мұндай бюллетеньдер саны 2,58% 206 096 бюллетень болды, — деді Нұрлан Әбдіров.
Оның айтуынша, аймақтық комиссиялар дауыстарды санағаннан кейін 2 күн ішінде хаттамалардың түпнұсқаларын әрбір өңір бойынша жеткізуге тиіс.
Республикалық референдумның қорытындылары орталық референдум комиссиясының отырысында белгіленеді. Оны өткізу күні мен уақыты қосымша хабарланады.
Айта кетейік, рефрендумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 986 293 немесе референдумға қатысу азаматтар санының 68,06% құрады.
Алдын ала нәтижелері бойынша сайлаушылардың 77,18%-і Конституцияға енгізілетін түзетулерді қолдап дауыс берді.