Назарбаев та референдумға барды

Қазақстанның экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді. Мұны оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша жалпы республикалық референдумда дауыс берді, — деп жазды Айдос Үкібай.

Мұның алдында Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 маусымдағы референдумда дауыс бергенін хабарлаған едік. Ол референдумда ешқандай мәжбүрлеу жоқ екенін айтты.

Мемлекет басшысы конституциялық реформаның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне қатысты журналистердің бірқатар өзекті сауалына жауап берді.

Еске салайық, бүгін, 5 маусымда Қазақстанда жалпыхалықтық референдум басталды. Азаматтар Конституцияның 33 бабына ұсынылған түзетулер бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін дауыс береді. Өзгертулердің ішінде 1995 жылы таратылған Конституциялық сотты қайта құру, президентке саяси партияларға мүше болуға, ал оның жақындары мен туыстарына саяси және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салу, парламент жұмысы мен сайлау жүйесін өзгерту мәселелері бар.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз