Басты бетЖаңалықтарТүркия туристерден...

Түркия туристерден ПТР-тест талабын алып тастады

1 маусымнан бастап Түркияның барлық шекара бекеттерінде елге кіру үшін ПТР- тестінің теріс нәтижесі туралы анықтама талап етілмейді. ПТР бұрын елге кіргенге дейін ең ұзағы 72 сағат бұрын тапсырылуы керек еді. Сонымен қатар, шекарадан өткеннен кейін 48 сағат ішінде антигенге жедел тест тапсыру талабы да жойылды.

Республикада кейінгі екі апта ішінде күн сайын коронавирус жұқтырғандар саны 1 мыңнан кем болды. Осыған байланысты ел билігі карантин талаптарын кезең-кезеңімен жұмсартады. Шектеулердің көбі наурыз айында жойылған болатын.