Халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздары ақшалай сыйақы алады

Халықаралық пәндік олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушылар ақшалай сыйақымен марапатталады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, осыған орай республикалық бюджеттен биыл 94 миллион теңге бөлініп отыр. Биыл қазақстандық оқушыларға халықаралық 7 беделді олимпиадаға қатысуға 31 квота бөлінді. Оқушылар шілде-тамыз айларында қатысады.

Алғаш рет республикалық қаражат есебінен осы халықаралық интеллектуалды олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегері, оларды дайындаған ұстаздарға сыйақы беру көзделген. Бұл балаларға ел президентінің үлкен қолдауы. Республикалық бюджеттен 94 миллион теңге бөлінді. Бұл жұмыстардың барлығы 20 тамызға дейін аяқталады, өйткені соңғы олимпиада 17 тамызда өтеді. Бірінші қыркүйекке дейін табыстаймыз, — деді Шолпан Қаринова үкімет отырысында.

Еске салайық, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарына білім гранты бөлінетінін мәлімдеді.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Президент салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Ұлыбританияның сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлиді қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Елімізде тағы 77 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 77 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Түркияда тағы да жер сілкінді

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды. 

Қазақстандықтардың 14,21%-і дауыс беріп үлгерді

Сайлаушылардың 14,21%-і бюллетень алды. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты.

Шымкент тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезді

23 наурызда Шымкентте жергілікті тұрғындар тағы да жер сілкінісін сезді.