Halyk Bank «Бөпе» науқанын іске қосты. Балаңыз үшін қажет әрі пайдалы сыйлықтарды ұтып алу үшін не істеу керек?

Halyk Bank балаларды қорғау күніне орай жаңа «Бөпе»науқанын іске қосты. 2022 жылғы 1 маусым және 31 тамыз аралығында Halyk Homebank мобильді қосымшасы арқылы дүниеге келген балаға жәрдемақыны онлайн ресімдеген азамат бағалы сыйлықтардың біреуін ұтып ала алады: бас жүлде — көпфункционалды балаға арналған арба -трансформер. Атаулы сыйлық тоғыз адамға табысталады. Сонымен бірге 30 нәресте бақылаушысы және 90 жергөк ұтысқа тігілді.

Айта кетейік, бұған дейін баласы дүниеге келген, бірақ әлі жәрдемақы ресімдеп үлгермеген адамдар да науқанға қатыса алады. Кез келген ата-ана науқан кезеңінде жәрдемақыны Halyk Homebank арқылы онлайн ресімдесе, онда автоматты түрде қатысушы атанады.

Ұтыс ойынның бірінші кезеңі жеңімпаздарын 2022 жылғы15 шілдеге дейін анықтайды. Оған 2022 жылғы 1-30 маусым аралығында балаға онлайн жәрдемақы ресімдегендер қатысады. Екінші кезең 2022 жылғы 20 тамызға дейін және оған 1-31 шілде аралығында онлайн жәрдемақы ресімдегенжандар қатысады. Одан ары, ұтыс ойынның соңғы кезеңі 2022 жылғы 16 қыркүйегіне дейін және атаулы кезеңде Halyk Homebank арқылы балаға онлайн жәрдемақы рәсімдегендер қатысады.

Ұтыс ойын банктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тікелей эфирінде өтеді. Жеңімпаздар кездейсоқ сандарды таңдау әдісімен анықталады. Ұтыстың ашықтығы мен әділ өтуін арнайы құрылған комиссия бақылайды. Ұтыс ойынның әр кезеңінің нәтижесі банктіңресми сайтында жарияланады. Сонымен қатар банк қызметкерлері жеңімпаздарға қоңырау шалып жеңісі туралы хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қазаннан бастап HalykBank Halyk Homebank қосымшасы арқылы дүниеге келгенбаланың жәрдемақысын онлайн рәсімдеу мүмкіндігін іске қосты. Жәрдемақы алуға өтінім беру үшін Halyk Homebank қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріп, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру, «баланың тууы бойынша жәрдемақы» бөлімін таңдау, баланың деректерін растау және ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қою қажет. Өтінімді жолдағаннан және оны мақұлдағаннан кейін тағайындалған төлем сомасы туралы хабарлама келеді. Сондай-ақ, қызметті бала туылғаннан кейін бір жыл ішінде кез келген уақытта ресімдеуге болады.

Бала туғанда берілетін жәрдемақыны ресімдеу арқылы акцияға қатысу мүмкіндігінен бөлек Halyk Homebank мобильді қосымшасында ата-аналар баланың туу туралы куәлігін алуға өтінім бере алады. Ол үшін «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Туу туралы куәлік алу» қызметін таңдап, қысқаша электронды сауалнаманы толтыру қажет. Құжат дайын болған кезде хабарлама жолданады. Одан арыресімдеу кезінде өзіңіз көрсеткен ХҚКО бару арқылы туу туралы куәліктің түпнұсқасын алуға болады.

Halyk bank жақын арада ата-ана атанған жандарды құтықтайды және баланың дүниеге келуін күтіп отырғандарға тек амандық тілейді!