Банк карталары арасындағы аударымдардан ақша үнемдей алады

  • Ішкі аударым. Бір Halyk bank картасынан екінші Halyk bank картасына ақша аудару тегін, яғни комиссия ұсталмайды. Ақшаны алушының телефон нөмірі арқылы немесе карта нөмірі арқылы аударуға болады.
  • Halyk bank картасынан басқа банкке ақша аударғанда бар болғаны 150 теңге комиссия алынады. Бұл – еліміздегі банктер ішіндегі ең аз комиссия мөлшері. Комиссия сомасы аударылып жатқан ақша көлеміне қарамайды: 10 мың теңге аударсаңыз да, 100 мың теңге аударсаңыз да, банк тек 150 теңге комиссия ұстайды. Тариф тұрақты.

Осы тұсты өзге банктер қызметімен салыстырып көрейік. Басқа банктерде сыртқы аударымдар тарифі тұрақсыз. Аударатын сома өскен сайын комиссия құны да артады. Өзге банк карталарына Halyk bank арқылы ақша аудырып, қаржыңызды үнемдеңіз. Үнемделген ақшаны басқа да шығыныңызға жарата аласыз.

Картадан комиссиясыз ақша алу

Halyk bank картасынан айына 300 мың теңгеге дейін қолма-қол ақшаны комиссиясыз шығарып алуға болады.

Halyk bank-тің мынадай бонустарын пайдаланыңыз:

  • Halyk bank қосымшасы арқылы немесе банк картасы арқылы кез келген төлем жасалса, кепілдендірілген 1% бонус беріледі.
  • Банк серіктестері желісінде сауда жасалса, 25%-ке дейін бонус алуға болады.
  • Бонустарды жинап, серіктестер желісі дүкенінде есеп айырысуға және айыппұл, салық, байланыс үшін ақы, коммунал қызметтерін төлеу сынды түрлі төлем жасауға болады.

Halyk bank былтырдан бастап 100% онлайн қызмет көрсетуге көшті

Клиенттер бұрынғыдай банк бөлімшесіне барып жүрмей, кез келген қызметті онлайн ала алады. Бұл жолақыға кететін шығынды қысқартады. Ол мынадай қызметтер:

  • онлайн кредит;
  • затты бөліп төлеу арқылы онлайн алу;
  • кез келген төлем жасау;
  • ақша аудару;
  • әуе және темір жол билеттерін онлайн алу;
  • автосақтандыру ресімдеу;
  • банк картасына үйге дейін жеткізу қызметімен тапсырыс беру;
  • ақша айырбастау.

Балаларға арналған Halyk Easy картасы

Карта 6 мен 18 жас аралығыныдағы балаларға арналған. Ата-ана баласымен кез келген Halyk bank бөлімшесіне барып, небәрі 5 минутта шот аштыра алады. Осы арқылы сіз балаңыздың шығынын қадағалауға және баланы жастайынан қаржылық сауатты болуға үйретесіз.

Halyk bank клиенттеріне арнап апта сайын, ай сайын ұтыс және акция өткізеді

Банктің клиенттеріне арнап апта сайын және ай сайын түрлі ұтыс ойынын, акция ұйымдастыратынын да айтай кетейік. Сондай акциялардың бірі — Ай сайынғы пәтер ұтысыҰтыс ойыны 2021 жылғы 11 мамыр мен 20 желтоқсан аралығында өтеді. Ұтысқа қатысу үшін қарапайым екі шартты орындау қажет. Біріншісі – Halyk Bank-тен кредит немесе бөліп төлеуді ресімдеу, екіншісі – Halyk Homebank қосымшасында ай сайын қызметтер үшін төлем жасау. Алғашқы пәтер иесі маусым айында анықталады. Демек, кредит алып қана қоймай, жаңа пәтер иесі атана да аласыз.