Бүгін 14.58-де «Алмалы» мен «Абай» бекеттері аралығында машинистің поезды тоқтатуына борттағы жабдықтың өрт дабылы датчиктерінің көрсеткіштері себеп болды. Машинист көрсеткіштердің дұрыс қосылмағанына көз жеткізіп, қосалқы пойызды талап етті. Соның көмегімен пойыз Абай станциясына жеткізіліп, кейін электродепоға шығарылды, — деп хабарлады Алматы метрополитені.
Пойыз жарамды және техникалық байқау мен сынақтардан өткен соң желіге жіберіледі.
Қозғалыс кестесі 28 минутқа үзілді. Сағат 18.00-де пойыздардың қозғалыс кестесі қалпына келтірілді, — делінген хабарламада.
Еске салайық, мұның алдында Алматыдағы станциялардың арасында пойыз тоқтап қалғанын хабарлаған едік. Метрополитеннің баспасөз қызметі Baribar.kz редакциясына жолаушылардың бәрі аман екенін айтты.