Басты бетЖаңалықтарТоқаев қуғын-сүргін...

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытты

Бұл туралы БОРТ №1 Telegram арнасы хабарлады.

31 мамыр — саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Қазақ халқы елдің генофондына орасан зор зиян келтірген аштықты бастан кешірді. Тарихтың қаралы беттерінің бірі — саяси қуғын-сүргін. Оған Кеңес Одағына мүше болған елдердің азаматтары ұшырады. 1921 жылдан 1954 жылға дейінгі кезеңде бүкіл одақта саяси баптар бойынша сотталғандардың жалпы саны 3 миллион 777 мыңға жетті. Оның ішінде 642 мыңына қатаң жаза жарияланды.