Басты бетЖаңалықтарНайзағай, жаңбыр,...

Найзағай, жаңбыр, жел: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Жылудың артынан жаңбыр келеді. Мамырдың соңғы күні Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібірдің үстіндегі циклон жырасының ықпалында болады — найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Республика бойынша жел күшейеді, — делінген хабарламада.

Синоптиктер мәліметінше, 1 маусымда Батыс Қазақстанға солтүстік антициклон әсер ете бастайды. Ол республика аумағы арқылы шығыс бағытқа ауыса отырып, жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және температураның көтерілуіне алып келеді.

1-2 маусымда еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болады деп болжанады, — делінген хабарламада.