Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Түркістан облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Тау асуларында шығыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.

Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен батыстан жел соғады. Батыстан соққан жел екпіні секундына 15 метрге жетеді.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20, кей жерде секундына 23 метрге жетеді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрді құрайды.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 17-22, кей тұста секундына 24-29 метрге жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батыс аумағында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, кей тұста екпіні секундына 23 метрге жетеді, Петропавлда күндіз батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.