Қазақстанның қай өңірлерінде қатты құрғақшылық болады?

Синоптиктердің мәліметінше, маусым айында республиканың басым бөлігінде құрғақшылықтың туындау ықтималдығы төмен, негізінен ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп болжанып жатыр.

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында біркелкі құрғақшылық болады. Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында қатты құрғақшылық болады деп болжанды. Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында және Түркістан облысының Сайрам ауданында қолайлы қоңыржай ылғалды жағдай болады,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, құрғақшылықтың қарқындылығы мен әсері Қазақстанның әр аймағында әр түрлі көрінеді.

Қызылорда және Маңғыстау облыстары агроклиматтық аудандастыруға сәйкес, VIII агроклиматтық аймаққа жатады және құрғақшылыққа ұшыраған өте құрғақ, ыстық аймақ ретінде сипатталады.