2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде дәнді дақылдардан 1,2 миллион тонна ұн өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6% артық. Өңірлер ішінде дәстүрлі түрде ең көп ұн Қостанай облысында өндірілді. Онда 399,9 мың тонна, жылдық өсім 10,8% құраған.
Үздік үштікке сонымен қатар Солтүстік Қазақстан (118 мың тонна, жылдық өсім 25,2%) және Қарағанды (96,2 мың тонна, -4,4%) облыстары кірді.
2021 жылдың қаңтар-желтоқсанында өндіріс 6,9%-ке, 3,1 миллион тоннаға дейін төмендеді. Қазақстан ел ішіндегі қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етіп жатыр. Осылайша, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар сұранысты (ішкі нарықтағы сатуды қосқанда экспортты) 99,5%-ке қамтамасыз етті. Жалпы импорт 23,9%-ке өскен, бірақ бұл осы кезеңде елде өндірілген 4,1 мың тонна ғана. Ал 467,8 мың тонна ұн экспортталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,4% артық. Экспорттың үлесі ресурстардың 56,2%-ін құрады,- делінген хабарламада.
2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында ұн экспорты бір жылда бірден 78,2%-ке өсіп, 172,8 миллион АҚШ долларын құрады. ТМД елдеріне 126 мың тонна ұн жөнелтілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,8% артық. Мұнда ел өнімінің негізгі импорттаушысы – Өзбекстан. Үздік «үштікке» сонымен бірге Түрікменстан және Ресей кірді. ТМД-дан тыс елдерге 132,4 миллион АҚШ доллары сомасына 341,9 мың тонна ұн жөнелтілген. Мұнда негізгі көлемді Ауғанстан импорттайды.