Ресейден Қазақстанға әуе билеттеріне сұраныс 2,5 есе артты

2022 жылдың көктемінде Ресейден Қазақстанға әуе билеттеріне сұраныс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе өскен.

Бұл туралы OneTwoTrip саяхатты жоспарлау сервисінің зерттеу нәтижелерінде айтылған.

Қырғызстанға сұраныс 25%-ке төмендеді, Қазақстанға сұраныс 2,5 есе артты, Өзбекстанға өзгеріссіз күйінде тұр, БАӘ 35%-ке, Беларуське 2,6 есе артты, Әзірбайжанға 9% кемісе, Грузияға 40% көбейген, — деді сарапшылар.

Компанияның мәліметінше, шет елдер арасында осы көктемде Армения, Түркия және Тәжікстан көп сұранысқа ие болды. Бұл ретте Арменияға ұшуға деген сұраныс шамамен 37% төмендеді, ал Түркияға ұшу 11% өсті. Көктемде шетелге ұшудың орташа құны бір адамға бір бағытта 25 мың рубль болды.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз