Асхат Оралов Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның Полудинское ауылындағы сүт-тауар фермасының алаңында облыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесіп, алдағы конституциялық реформаның маңызын талқылады.
Конституциялық реформа – Жаңа Қазақстанды құрудың нақты механизмі. Ата Заңымызда жер халықтың меншігі деп көрсетіледі. Бұл – өте маңызды қадам. Солтүстік Қазақстан облысында халықтың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Сондықтан 5 маусым күні өтетін референдумға облыс тұрғындары белсене қатысады деген ойдамыз, — деді Amanat партиясының атқарушы хатшысы.
Солтүстік Қазақстан облысындағы шаруа қожалықтары бірінің басшысы Алтынбек Сапаров тұрғындар ел дамуындағы жаңа кезеңді референдуммен байланыстыратынын айтты.
Халық болып жатқан өзгерістерді көріп отыр және Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтып, елімізді дамыту үшін Конституцияға қажетті өзгерістер енгізуді қолдауға дайын, — деді Алтынбек Сапаров.
Бұдан соң атқарушы хатшы өңірдің зиялы қауым өкілдерімен және партия ардагерлерімен жүздесті. Кездесуге қатысушылар Ата Заңға түзетулер енгізуге қатысты жалпыхалықтық дауыс беру «Жаңа Қазақстанды» құруда негізгі роль атқаратынын айтты.
Сонымен қатар Асхат Оралов бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен де кездесті. Ол партияның қозғаушы күші – БПҰ-ның базасында жалпыұлттық референдумның мәні туралы түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуге тиіс екенін атап өтті.
Осы күні өңірдің партия активімен кездесу өтті. Бүгінгі таңда облыста құрамына 28 мыңнан астам партия мүшесі кіретін 246 БПҰ бар.