Еркебұлан Оразалин Алматының Медеу ауданы әкімі болып тағайындалды

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен ҚР президенті әкімшілігінің және Алматы мәслихатының келісімі бойынша Медеу ауданының әкімі болып Еркебұлан Нұрланұлы Оразалин тағайындалды, — делінген хабарламада.

Еркебұлан Оразалин еңбек жолын 2002 жылы Алматы ақпараттық-талдау орталығы ақпараттық-коммуникативтік бөлімінің сарапшысы қызметінен бастады.

2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары Алматының өңірлік даму әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестициялар жөніндегі департаментінің директоры болды.

2012 жылдан 2016 жылдар аралығында Алматы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары, басшысы қызметін атқарды.

2016-2019 жылдары Алматының Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік  жасады.

2019 жылдан бастап Алматы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметін атқарды.