Ақтөбеде қараусыз қалған гараждан граната табылды

24 мамырда сағат 14:30 шамасында «102» нөміріне Ақтөбедегі «Авиатор-3» гараж кооперативіндегі қараусыз қалған нысанды бұзу кезінде граната табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері шұғыл түрде барған. Арнайы бөлімше саперлері табылған граната болжам бойынша, «Ф-1» әскери гранатасы екенін анықтаған. Оған баллистикалық сараптама тағайындалған. Қазір полицейлер гараждың бұрынғы иесін анықтап жатыр.

құтқарушылар
Фото: Ақтөбе облысының полиция департаменті баспасөз қызметі

Бұл дерекке қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша соталды тергеу басталды,- делінген хабарламада.