16-ғасырда испандықтар ең алғашқы темекі плантациясын салған кезде никотинның осы күнге дейін жалғасып келе жатқан тарихы басталған болатын. Одан бері 500 жылдай өтті, бірақ шылым шегу туралы сан алуан алыпқашпа әңгіменің легі толастай қойған жоқ. Соның бірі «денсаулыққа келетін басты қатер никотиннен» деп тұжырымдайды. Шын мәнінде, ғылым темекі жанған кезде бөлінетін шайыр мен канцерогендердің ең үлкен қауіп екенін әлдеқашан дәлелдеп қойған болатын.
Тағы бір сөзге сенсек, темекі адамды сергітеді-мыс. Шынымен солай ма? ниЖевред жобасымен бірге жүргізген әуесқой зерттеуімізде біз үш адаммен, атап айтқанда, шылымқормен, түтінсіз құрылғы қолданушысымен және темекі тартпайтын жанмен сөйлесіп, олардың өмір салты туралы көбірек білуге тырыстық. Бұл үшін ғылыми ортада еңбек өнімділігі туралы дәстүрлі сауалнама саналатын Wellness Inventory Assessment сұрақтарын пайдаландық.
Ренат, 30 жаста
Ренат – компания директоры. Темекі тартқанына 10 жылдай болып қалды. Өзінің айтуынша, уақытының көп бөлігін жұмысқа арнайды.
Күнде 8-10 сағат бойы кеңседе отырамын. Стресс жиі кездеседі, сондықтан бас демалдыру үшін шылым шегуге жиі шығамын. Спортқа уақыт жоқ, сол себепті аптасына ары кеткенде бір сағаттай ғана дене шынықтырумен айналыса аламын, — дейді ол.
Жұмысының көптігіне және әрдайым шаршап жүретініне қарамастан Ренат күн тәртібін сақтап, 6-7 сағат ұйықтайды. Осыған қарамастан жиі тұмауратып қалатынын айтады. Бірақ денсаулыққа байланысты демалыс алмай, жұмысты үйден болса да істеуге тырысады. Ренат жиі сырқаттанып қала беретініне стресті кінәлайды, алайда зерттеулер шылымқордың темекі тартпайтын адамға қарағанда жиірек ауыратынын көрсетіп отыр. Себебі шылым иммунитетті әлсіретеді, сәйкесінше ағза түрлі инфекциялардан жеңіліп қала беретін болады.
Ал стресс расымен-ақ шылымқорды жиі темекі тартуға итермелейді, өйткені никотин тек рахат сезім сыйлап қана қоймай, жүйке жүйесін тыныштандыратын дофамин бөлуге ықпал етеді. Сондықтан Ренаттың жұмысы ауыр апта ішінде шылымды жұбаныш сыйлайтын дүние ретінде қабылдауы бізді таң қалдырмау керек.
Владимир, 40 жаста
Темекіні 15-17 жасымнан тарта бастадым, бірақ соңғы 5 жылда түтінсіз балама құрылғыларға өттім. Отбасым үйдегі темекі түтінін айтып, жиі ұрсатын, алайда қыста балконға немесе далаға шығуға ерінетін едім, — деп бастады әңгімесін кейіпкеріміз.
Темекіні жиі тарту әдеті қалды, күніне 15-20 стик шегуім мүмкін. Алайда тісімнің бұрынғыдай сарғайып кетпейтінін, таңғы ауыр жөтелдің жоғалғанын байқадым. Бірақ ұйқысыздық ешқайда кеткен жоқ, баяғыша 3-5 сағат қана ұйықтаймын, — дейді ол.
Кәдімгі шылымнан бас тартудың оң әсерін Владими тек тәнінен ғана емес, эмоциялық жағдайынан да байқапты: өзінің айтуынша, жағымсыз ойлар сиректеу мазалайтын болыпты. Расымен-ақ, ғалымдар шылым шегу мен депрессия арасындағы байланысты анықтады, атап айтқанда бұл әдеттің психикалық саулыққа жағымсыз ықпал ететінін, еңбек өнімділігін кемітіп, қоғаммен арадағы қарым-қатынасты нашарлататын атап өтті.
Владимир түтінсіз құрылғыларға өтіп, саулығына төнген қатерді төмендете алғанына қарамастан, болашақта темекіні мүлдем қойып, жаман әдеттен біржолата бас тартқысы келетінін жеткізді.
Дания, 37 жаста
Алдыңғы кейіпкерлеріміздей емес, Дания ешқашан шылым шегіп көрмеген. Ол үкіметтік емес ұйымда жұмыс істейді және АИТВ жұқтырған адамдар, зорлық-зомбылық көрген жандар, түзету орындарынан шыққандар секілді әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтарға көмектеседі. Жұмыс көп күш пен уақыт талап етеді. Данияның айтуынша, орталыққа келген әр адам үшін алаңдайды екен.
Барлығына бірдей көмектесе алмайтынымызды түсінемін, бірақ мұны қабылдау қиын тиеді, — дейді Дания.
Жұмыс кейіпкеріміздің өмір салтына да әсер етеді екен. Дания ұйқының нақты тәртібін қалыптастырмағанын, себебі адамдар түн ортасында да, таңғы алты да телефон соға беретінін, қоңыраудың бәріне жауап берген дұрыс екенін айтады. Алайда денсаулығына байланысты қандай да бір шағымы жоқ екенін, қалжырап, дәрменсіз жүрмейтінін атап өтті. Керісінше, қолдау орталығы арқылы жаңа топтарды қамтып, олар үшін қосымша үйірмелер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
«Ауырып, диванда жатуға уақытым жоқ», — деп әзілдейді Дания. – «Басқаға көмек ұсынатын мамандық үлкен жігер, қажыр-қайрат талап етеді, сол себепті бір минутқа болсын босасам, өзімді сау сезіну үшін серуендеп қайтуға, табиғат аясына шығуға немесе күнде таңертең жүгіріп қайтуға тырысамын. Қысқаша айтқанда, оттегі маскасы ережесін іске қосамын, яғни басқаға көмектесу үшін алдымен масканы өзің киюге тиіссің».
Үш кейіпкеріміздің арасында дәл осы Дания тән тұрғысынан болсын, ми саулығы жағынан болсын көп дүние талап ететін жұмысына қарамастан өзін сау және жігерлірек сезінеді. Ауырдым деп жатпайды, спортпен айналысады, белсенді өмір салтын ұстанады.
Әрине, біздің сауалнаманы толыққанды зерттеу деуге келе қоймас. Бірақ ауқымды зерттеулер компаниялардың ақшаны шылымқорға көбірек жұмсайтынын растап отыр, себебі олар темекі тартпайтын адамдарға қарағанда 30% жиірек ауырады екен. Еңбек өнімділігіне де шылым кері әсер етеді: АҚШ-та, Еуропада және Қытайда жүргізілген зерттеулер шылымқордың тиісті жұмыс көлемін толық атқармайтынын және темекіні қойып кеткен немесе мүлдем тартпайтын жандармен салыстырғанда белсенділік таныта бермейтінін көрсетті.
Еңбек өнімділігін қайтеміз?
Темекі адамның жұмысты жапырып істеп тастауына көмектеседі деген сөз шындыққа сәйкеспейді десек болады. Мұны біздің шағын сауалнама да, ауқымды зерттеулер де көрсетіп отыр. Сондай-ақ темекінің тек еңбек қабілетіне ғана емес, жалпы ағзаға зардап әкелетінін айта кету керек, себебі шылым тұтанған кезде оның түтінінен 6000-дай зиянды зат бөлінеді. Әрине, ең дұрыс шешім – бұл жаман әдетті біржолата қойып кету. Осының арқасында қызметте де нәтиже көрсетесіз, денсаулығыңыз да дұрысталады.
Алайда шылымды мүлдем қоя алмаймын десеңіз немесе темекіні тастағысы келмейтін жақыныңыз болса, ең болмаса, түтінсіз құрылғыларға өту арқылы зиянды азайта аласыз. Бұл құрылғыларда кәдімгі темекі түтінімен салыстырғанда зиянды заттар 95% аз кездеседі. Зиянды азайту концепциясы туралы көбірек білу үшін осы материалды бізбен бірге әзірлеген серіктестеріміздің – ниЖевред жобасының сайтына өтіңіз.