Әділет Тойбаев ғылым комитетінің төрағасы болды

Әділет Тойбаев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы болып бастаған.

2008-2009 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әдістемелік бөлімнің меңгерушісі, академиялық мәселелер жөніндегі директоры,

2011-2017 жылдары қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректоры,

2017-2018 жылдары Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің бірінші проректоры-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры,

2018 жылдан бастап қазірге дейін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры қызметін атқарды.