Басты бетЖаңалықтарСирия бойынша...

Сирия бойынша кезекті келіссөз 14-16 маусымда Нұр-Сұлтанда өтеді

14-16 маусымда Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша келіссөздің 18-ші раунды өтеді, — деді Қазақстан СІМ өкілі.

Оның айтуынша, ведомство келіссөздің кепілдері және бақылаушы елдерге шақырту жолдады және қазір олардан шараға қатысуларын растауды күтіп отыр.

Сирияда 2011 жылдан бері қарулы қақтығыс жүріп жатыр. «Астана форматы» ретінде танымал Нұр-Сұлтандағы келіссөз 2017 жылдан бері жалғасып келеді.

Ал 2018 жылдың қаңтарында Сочиде Сирия ұлттық диалогының конгресі өтті.

Бұл қақтығыс басталғаннан бері бір келіссөз алаңында қатысушылардың кең ауқымының бас қосудың алғашқы әрекеті болды. Женевада жұмыс істейтін және конституциялық реформаны дайындау негізгі міндеті болып табылатын конституциялық комитет құру туралы шешім Конгрестің басты нәтижесі болды.