20 мамырда банк жеңілдетілген автокредит бойынша өтініш қабылдауды уақытша тоқтатқанын мәлімдеген болатын. Себебі «бөлінген мемлекеттік лимит төрт күн ішінде таусылып қалған». Еуразиялық банк 16 мамырдан бері 9 мың өтінім қабылдады. Енді кезекті транш күтіп отыр.
«Еуразиялық банк» АҚ филиал директорының орынбасары Жансерік Сабыржанның айтуынша, алғашқы транш аясында 15 миллиард теңге бөлінген.
Қазіргі кезде өтініш қабылдауды уақытша тоқтаттық. Маусымның басында жұмысты қайтадан бастаймыз. Бір аптаның ішінде 15 миллиард теңгенің өтінімі мақұлданды, — деді Жансерік Сабыржан орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы аясында Еуразиялық банкке 35 миллиард теңге бөлінеді деген жоспар бар. Осы бағдарламаға Halyk bank, БанкЦентрКредит пен Forte Bank қатысып жатыр.