Басты бетЖаңалықтарҰлттық қауіпсіздік...

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Ерлан Алдажұманов 1966 жылы Шығыс Қазақстан облысының Семейде туған.

Ф.Э. Дзержинский атындағы жоғары шекара командалық училищесін бітірген (1987). Шекара заставасы бастығының орынбасары, өңірлік басқарма бастығының орынбасары, өңірлік басқарма шекаралық бөлімшелері қолбасшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бас штабы бастығы — директордың бірінші орынбасары лауазымдарында офицерлік қызмет атқарған.

Орден және медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-майор.