Түркістан облысында тауда адасып қалған 4 адам құтқарылды

Тауға серуендеп шыққандар Наутсай шатқалынан 10 шақырым жердегі Құлыншақты таулы жерінен табылған.

Ақпаратқа сәйкес, тауда адасып қалғандар туралы ақпарат кеше түнгі сағат 22:10-да 112 байланыс пунктіне түскен. Олар күндізгі сағат 11:00 шамасында Сусіңген көлінен шығып, «Алтын дән» демалыс аймағына бағыт алғаны белгілі болған. Содан қайта оралмаған.

Демалушыларды іздеуге төтенше жағдайлар қызметінің 17 құтқарушысы мен кинология бөлімінің 1 қызметкері, 2 техника және полиция департаментінің 4 қызметкері, ұлттық парктің 5 қызметкері жұмылдырылған.

Түркістан таулары, құтқарушылар
Фото: Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Іздеу нәтижесінде жоғалғандар 23 мамыр сағат 02:32-де Құлыншақты таулы шатқалынан табылды. Олардың айтуынша, тұманда адасып қалған. Сағат 06:35-те іздеу тобы жоғалғандарды түсіріп, құтқарған. Ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді,- делінген хабарламада.