Биыл Алматы тауларында көп турист адасты

Биыл Алматы тауларында туристер бағыттан жиі адасты. Сол себепті ұялы байланыстың жаңа станциялары орнатылады.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуына қарағанда, Алматы тұрғындары пандемия кезінде тауға төрт есе көп баратын болған. Азаматтарға қолжетімді болуы үшін туристік қоғамдық кеңістіктер құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Былтыр таулы жерлерде 4 визит-орталық салынды, 1 000 шақырым жаяу жүргінші жолы цифрландырылды, 500 шақырым жол абаттандырылды. Биыл қосымша 172 шақырым тау бағыттары абаттандырылады.

Таулы жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзге де жобалар пысықталып жатыр. Биыл тауда туристер бағыттан жиі адасты, ұялы байланыс нашар ұстайтын 14 қауіпті аймақ жабылды. Сонымен бірге тауда құтқарушылар пультіне апат сигналдарын беру үшін қосымша 10 радиорелелік мачталар орнатылады, — деді Бақытжан Сағынтаев.

ДереккөзHolanews.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Елден жанармайды 20 литрлік канистрмен шығаруға тыйым салынды

2023 жылғы 20 қаңтарда Энергетика министрлігінің «Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы шыққан. Бұйрықта жанармайды елден 20 литрлік канистрмен шығаруға қатысты норма алынып тасталды.

Жел, тұман, жауын-шашынға байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері елдің 5 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Бірмандатты округтер бойынша мәжіліске өткендер тізімі белгілі болды

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліске бір мандатты округтер бойынша сайланғандардың тізімін жариялады.

Қазақстанның екі облысында жолдар ашылды

Екатеринбург-Алматы тасжолының екі учаскесінде Ақмола және Қарағанды ​​облыстарында көлік қозғалысы ашылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Елімізде кейінгі тәулікте 80 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.