Шымкенттегі жарылыс: үшемнің тағы біреуі оқиғаға дейін шетінеген

Бұл туралы Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пәшімов айтты.

Туғанына 18 күн болған нәресте қайтыс болды, үшемнің біреуі. Салмағы 700 грамм. Үшеуі де жан сақтау бөлімінде болған. Жарылысқа дейін, сағат 05-06.00 шамасында олардың біреуі қайтыс болды, ал жарылыс кезінде (түске қарай — ред.) екінші бала опат болды. Қазір үшемнің біреуі ғана қалды. Бұл отбасының басқа баласы бар-жоғын білмеймін, — деді Марат Пәшімов.

Түркістан облысы бас дәрігерінің айтуынша, перзентхадағы болған басқа нәрестелер мен әйелдердің жағдайы бірқалыпты. 

Еске салайық, кеше, 21 мамырда Шымкенттегі перзентхана маңындағы дәріханада жарылыс болды. Жарылыс салдарынан 18 күн бұрын туған үшемнің бірі, 1979 жылы туған күзетші және 1980 жылы туған «АвтоРемСтрой» құрылыс компаниясының қызметкері қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Шымкенттегі жарылыстан опат болған күзетшінің артында жүкті әйелі қалды