Басты бетҚоғамШымкенттегі жарылыс:...

Шымкенттегі жарылыс: жаңа туған сәби опат болды

Жарылыс кезінде мекемеде перинатал орталықта 189 адам және 65 қызметкер болған.

1 қызметкер ( күзетші Бүркітбаев, 1979 жылы туған), 1 нәресте (салмағы 790 грамм, өмірінің 18-күні) опат болды, — делінген хабарламада.

Кейін Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жарылыс салдарынан қаза болған бала үшемнің бірі екенін нақтылады.

Жарылыстан 8 адам зардап шеккен, олар қаладағы медицина мекемелеріне жатқызылған.

Еске салайық, бүгін, 21 мамырда Шымкенттегі перзентхана маңындағы дәріханада жарылыс болды. Әзірше толық емес мәлімет бойынша жарылысқа газдың жиналуы себеп болған.

Полиция оқиға бойынша «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы (292-бап, 2-бөлім) бойынша қылмыстық іс қозғады.