Әкімнің сөзінше, Наурызбай ауданында Абай даңғылы мен Төле би және Жұбанов көшелері жасалады.
Абай даңғылы ауданның әкімшілік орталығынан қала шекарасына дейін 600 метрге ұзартылады. 73 жер учаскесін сатып алу қажет, 41 учаске сатып алынды, қалғандары 2023 жылдың соңына дейін құрылыс барысында алынады.
Төле би көшесі ұзартылып жатыр. Биыл Алматы әкімдігі инженерлік коммуникацияларды қайта орнату және «Алма Сити» тұрғын үй кешенінің ауданында жол төсеу жұмыстарын жүргізетін болады.
Сонымен қатар 2022 жылдың соңына дейін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін (5,3 шақырым) Жұбанов көшесін ұзартуды жобалау аяқталады.
Осыған байланысты, метро трассасы «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарының жанындағы станцияға дейін Әшімов көшесінің бойымен өзгертілді. Қазіргі уақытта «Қалқаман» станциясының құрылысы басталды. Ол Абай даңғылымен Яссауи көшесінен батысқа қарай Әшімов көшесіне дейін орналасқан. Аяқтаудың жоспарланған мерзімі — 2025 жыл. Биыл 14,5 шақырым жолды жөндеу (Шұғыла және Тастыбұлақ шағын аудандарында) және осы жылдың сәуірінде Ақжар шағынауданындағы 89 көшеге 45 шақырым жол төсеу жұмыстары басталды, — деді қала әкімі.