Түркияның Iskefe Holding компаниясы Алматыда компанияның желатин өндіру зауытын салуды инвестициялайды. Жоспарланған инвестиция көлемі 27 миллион АҚШ доллары. Жоба 2022-2023 жылдар аралығында іске асып, 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын индустриялық аймағында іске қосылады, ал шикізат ретінде ірі қара мал терісі пайдаланылатын болады.
Зауыт құрылысы биыл басталып, 2023 жылы пайдалануға беріледі деп болжанып отыр, өндіріс қуаты жылына 7 000 тонна желатинді құрайды.
Елімізде теріні бастапқы өңдеу бойынша 9 кәсіпорын жұмыс істейді. Бірақ, өңдеуші кәсіпорындар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ірі қара малдың өңделмеген терілерін сатып алу үшін бәсекеге қабілетті баға ұсына алмауда. Осыған байланысты ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тауарды мүмкіндігіне қарай экспорттайды. Ұсақ және жеке қосалқы шаруашылықтар жануарлардың терісін қоқысқа тастайды, ал бұл өз кезегінде аса қауіпті ауруларының таралу қаупін тудырады. 7 000 тонна желатинді өңдеу үшін шамамен 38 мың тоннаға жуық шикізат (тері) қажет, — делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, бұл келісімге ҚР президентінің Түркияға жасаған сапары барысында қол қойылған.