Басты бетЖаңалықтарАқтөбеде есірткі...

Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды

Ақпаратқа сәйкес, ұсталған жігіт қалалық полиция бөлімінің қызметкері екен.

Оған қатысты қылмыстық кодекстің «есірткі заттарын дайындау, сақтау және сату» және «қызметтік жалғандық жасау» баптары бойынша іс қозғалған. Оның бар мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция старшинасы қамауға алынды. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәртіптік комиссияның шешімімен полиция қызметкері ішкі істер органынан босатылды, полиция бөлімінің бастығы атқаратын қызметінен босатылды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге ақпарат жариялауға жатпайды, — дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.