Алматыда есірткі сатқан ресторан аспаздары ұсталды

Бірнеше апта жедел ақпаратты тексердік. Күдіктілердің қылмыстық әрекеті расталды. «Гашиш» сатқан элиталық ресторандардың бірінің аспазы 1973 жылы туған М. есімді азамат жұмыс орнында ұсталды. Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында екі сіріңке қорапшасынан және сығымдалған гашиш салынған дөңгелек бумадан есірткі заты табылды,- деді, Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

Тексеру барысында есірткі сатумен айналысқан 42 жастағы аспаз-әйел анықталды. Д. есімді азаматшаның үйінен ұнтақ зат салынған пакет табылды, оның шынайы есірткі екені сот-химиялық сараптама арқылы дәлелденді.

Екі дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөліміне сай қылмыстық іс қозғалды.