Темекіні қыздыру жүйелері кәдімгі темекінің зияны аз баламасы ретінде нарыққа шығарылды, бірақ әлі күнге дейін тұтынушылар арасында “вейпинг әдеттегі темекіден қауіпті” деген қате пікір таралған. Неге? Әрбір жаңа өнім туралы көп жазылады, бірақ жазылған дүниелердің бәрі әрдайым фактілер мен ғылыми зерттеулерге негізделе бермейді.

Қоғамдық денсаулық сақтаудың белгілі сарапшысы, Афинадағы Онассис атындағы жүрек хирургиясы орталығының докторы Константинос Фарсалинос тұтынушылардың балама өнімдер туралы шынайы ақпаратты алуы жолында қызмет етеді.

2016 жылы ол Ұлыбритания денсаулық сақтау департаменті үшін зерттеу жүргізді, нәтижесінде темекіні қыздыру жүйесінің орташа алғанда, дәстүрлі темекіге қарағанда зияны 90-95%-ға аз екенін анықтады. Ал Фарсалиностың жаңа зерттеуі темекіні қыздыру жүйелері шылымқорлықты тастауда тиімді көмектесетінін көрсетті.

Бұл зерттеу Грекияның шылым шегушілерін қамтыды, ал оны Афинадағы Онассис атындағы кардиохирургия орталығы, қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық мектебі және Патра мен Македония университеттері бірігіп өткізді. Ғалымдар жұмысының қорытындысы 2014 жылдан бастап темекіні тастағандардың 40%-ы темекіні қыздыру жүйелерін пайдаланатынын немесе пайдаланғанын көрсетті.

Ғылыми мәліметтерді бағалау Грекия темекі шегуді баламалы өнімдердің әсерімен төмендеткен әлемдегі ең табысты ел екенін тағы бір дәлелдеді. Халықаралық зерттеулер темекіні қыздыру жүйелерін қолданушылардың шылымқорлықты оларды қолданбайтындарға қарағанда 11 есе жиірек тастайтынын көрсетті. Біздің еліміз Еуропадағы шылым шегушілердің ең жоғары көрсеткішінде екенін ескергенде бұл нәтижелер өте маңызды, – деді доктор Константинос Фарсалинос.

Константинос Фарсалинос заманауи түтінсіз өнімдердің ең танымал және белсенді зерттеушілерінің бірі саналады. Зерттеуші ғылыми негізделген деректерден олар туралы мифтер мен ой-пікірлерді бөліп алу үшін көп уақыт пен күш жұмсаған және бүкіл әлем бойынша шынайы зерттеулердің нәтижелерін таратуға тырысады, өйткені темекіні қыздырудың инновациялық жүйелері миллиондаған өмірді құтқара алатынына бек сенімді.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!