Батырхан Шөкеновтің суреті бар монеталар айналымға шығарылды

18 мамырда дарынды композитор және әнші Батырхан Шөкеновтің туғанына 60 жыл толды. Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталары «Қазақстанды монеталар арқылы таны» атты жаңа серияны ашады, — делінген ұлттық банк хабарламасында.

Street art. Batyr beinesi жаңа монетасы заманауи өнер мен Батырхан Шөкеновті мәңгі есте қалдыру секілді бірден екі мағыналық желіні біріктіреді. Бұл – ұлттық банктің стрит-арт сияқты қазіргі заманғы жастар өнерін қолдауға арналған алғашқы коллаборациялық монета жобасы.

Монетаның дизайнында Қазақстан стрит-артының ең жарқын жұмыстарының бірі — REPAS командасының «Батыр бейнесі» граффитиі бейнеленген. Авторлардың бастамасымен оны монетаның дизайнында пайдалану құқығы ұлттық банке өтеусіз негізде берілді.

Street art. Batyr beinesi коллекциялық монеталары
Фото: Ұлттық банк

Монеталар proof сапамен күмістен жасалған, сынамасы – 925/1 000, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 миллиметр, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5 000 дана.

Коллекциялық монеталар нақты құнына сай Қазақстанның бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылданады, сонымен қатар банк шоттарында аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.

Коллекциялық монеталардың сатылымға шығарылатын күні ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.