Алматы облысында 1 486 адамды кене шаққан

Алматы облысы кене энцефалиті бойынша эндемиялық аймақта орналасқан. Маусым басталғаннан бері аудандар мен қалалардың медициналық ұйымдарына 1 486 адам жүгінген, оның 58%-і — 14 жасқа дейінгі балалар,- делінген облыстық санитария эпидемиологиялық қадағалау департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кене шағумен 1 025 адам медициналық көмекке жүгінген, оның 64%-і — 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл кене шағу санының 31%-ке артқанын көрсетеді.

Биылдың сәуір айынан бастап орман және қалалық саябақтар мен скверлер аумағында кенеге қарсы у себу жұмыстары жүргізілді. Бірінші тур 968 гектар аумақты қамтыды, бұл 11 аудан және 2 қала,- делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Ақсу ауданында 18 гектар, Алакөл ауданында -51 гектар, Еңбекшіқазақ ауданында — 235,5 гектар, Ескелді ауданында — 55 гектар, Қарасай ауданында — 100 гектар, Кербұлақ ауданында — 40 гектар, Райымбек ауданында – 24 гектар, Сарқан ауданында – 38 гектар, Талғар ауданында – 263,5 гектар, Ұйғыр ауданында-55 гектар, Кеген ауданында-60 гектар жер өңделді, Талдықорғанда – 13 гектар, Текеліде 15 гектар жер кенеге қарсы өңделген.