Ақпаратқа сәйкес, 17 мамыр күні сағат 07.15 шамасында 6656-әскери бөлімінің әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Бағлан Әділбеков Ақтаудағы полиция тірек пунктіне өзі келген.
Бұдан бұрын қатардағы жауынгер Б.Әділбеков 14 мамыр күні патрульдік күзет аяқталғаннан кейін әскери бөлімге келмей, өздігімен белгісіз бағытта кетіп қалған. Сарбаз ата-анасымен кездесті. Қазіргі кезде қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр,- деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаздың жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.