Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қашып кетті

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 мамыр күні Ақтаудағы 6656 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі патрульдік-күзет аяқталғаннан кейін әскери бөлімшеге қайтып келмеген.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қатардағы жауынгер Б.Әділбеков 2003 жылы туған. Қорғаныс істері жөніндегі департамент оны 2021 жылдың маусым айында әскерге шақыртқан.