Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полиция прокуратура органдарымен бірге 5 қаңтарда адамдар тобы болып жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратына атыс қаруын қолданып, қарулы шабуыл жасаған Қызылорданың үш тұрғынын ұстады. Олар қамауға алынды. Ұсталғандардан қару тәркіленді,- делінген хабарламада.
Қаңтар оқиғасы: Қызылордада полиция ғимаратына шабуыл жасағандар ұсталды
Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасаған үш адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
Telegram арнамызға жазылыңыз
Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз