Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Алматы бойынша агенттіктің аумақтық департаменті қала прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Контрафактілік қосалқы бөлшектер брендтелген қораптарға салынып, кейін сатылғаны анықталды, — деді агенттіктің баспасөз қызметі.
Іс-шаралар нәтижелері бойынша барлығы 106 мыңға жуық контрафактілік автобөлшек тәркіленді. Қазіргі уақытта іс сотта қаралып жатыр.