Алматыда жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде оқушы қызды қағып кетті

Қалалық полицияның мәліметінше, оқиға 14 мамырда сағат 12:25 шамасында болған. Subaru көлігінің жүргізушісі Масанчи көшесімен солтүстік бағытта бара жатып, Жібек жолы көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде 2010 жылы туған қызды қағып кеткен.

Оқиға салдарынан оқушы дене жарақатын алып, медициналық көмек алу үшін Алматының №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Бұл дерек Алмалы аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің өндірісіне қабылданды, — деді полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.