Нұр-Сұлтанда такси жүргізуші жолаушыны соққыға жығып, тонап кетті

Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, полицияға қала тұрғыны шағымданған. Оның айтуынша, оны такси жүргізуші соққыға жығып, ақша салынған сөмкесі мен ұялы телефонын тартып алған.

Тергеу барысында такси жүргізуші жолаушыны үйіне жеткізгені анықталды. Жолда келе жатқанда екеуінің арасында жанжал шыққан. Салдарынан күдікті күш қолдану арқылы жәбірленушіні тонаған, — делінген хабарламада.

Полицейлер 30 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адам бұрын ұрлық үшін сотталған. Бұл фактіге қатысты «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәсін мойындады, қазір оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды ескертті. Заңға қайшы әрекет жасалса, дереу полицияға «102» арнасына хабарлау қажет.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ақша айырбастау орындарында доллар мен рубль арзандап жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443-449 теңгеден саудаланып жатыр.

Келесі аптада Алматыда күн 37 градусқа дейін ысиды

"Қазгидромет" РМК Алматының келесі аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Мемлекет басшысының қолынан кімдер шен алды?

Президент мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысып, жоғары әскери оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсырды. 

Президент Shell компаниясының басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Shell компаниясының басшысы Уаэль Сауанмен кездесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Астана халықаралық форумына қатысады

Ақорданың ресми сайты мемлекет басшысының қатысумен өтетін іс-шаралар аңдатпасын жариялады.