Банктер өздерінің корпоративті рәсімдерін, директорлар кеңесінің отырыстарын өткізіп жатыр. Өнеркәсіпті дамыту қоры олармен барлық қажет келісімдерді бекітті. Енді олар тиісті рәсімдердени кейін дүйсенбіден несиені бере бастайды, — деді Роман Скляр елордада мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған форумда.
Оның айтуынша, осыған дейін несиелеуді жүргізген бес банк бұл жұмыстарға жұмылдырылады.
Атап айтқанда, несие беру бағдарламасы қазіргі кезде де жұмыс істеп тұр. Револьверлік негізде 88 миллиард теңге бар және бұл қаражат айналымда. Бұл бағдарлама бойынша соңғы бес жыл бойы тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы орайда «ӨКМ операторынан» аударылатын 100 миллиард теңгені қосамыз, — деді Роман Скляр.
Жеңіл автомобильдерді сатып алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:
- сыйақы мөлшерлемесі – 4%;
- несиелендіру сомасы – 10 миллион теңгеден артық емес;
- қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан артық емес;
- бастапқы жарна – 0 %-тен бастап;
- көлік құралының құны – 15 миллион теңгеден аспайды.
Автонесиені екінші деңгейдегі банктер беретін болады.