Порталда пайдаланушы өзіне, сонымен қатар отбасының барлық мүшелеріне аталған қызметке онлайн тапсырыс бере алады. Қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Пайдаланушыларға қойылатын міндетті талаптар — ЖСН және ЭЦҚ болуы.
Бұл жаңартулар президенттің бюрократиядан арылту жөніндегі жарлығы аясында жүзеге асырылды. Жарғының негізгі мәні — цифрлық трансформация және мемлекеттік басқарудың барлық салаларының жүйелі реинжинирингі болып табылады.
Біз мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұрын аталған қызмет ХҚКО мен жергілікті атқарушы органдар арқылы оффлайн түрінде көрсетілгенін атап өткім келеді. Енді ХҚКО бармай ақ, қызметті eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн алуға болады. Бұл қызметтің азаматтар үшін маңыздылығын түсіне отырып, біз қызметті алу процесін жеңілдеттік, — деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин .
Қызметті қолдану үшін пайдаланушы «Электрондық үкімет» (eGov.kz) порталында қажетті қызмет түрін таңдайды: қандас мәртебесін беру немесе ұзарту. Таңдалған қызмет түріне сәйкес пайдаланушы мәртебесін алу үшін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық жүйесі арқылы тексеру жүзеге асырылатын болады. Барлық міндетті жолдарды толтырып, сұратылған құжаттарды қоса тіркеу қажет (файлдар pdf немесе jpg форматында).
Сонымен қатар өтінім берген кезде пайдаланушы қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қажет отбасы мүшелері бойынша мәліметтерді толтыра алады. Отбасы мүшелерінің санына шектеу жоқ. Бұдан әрі қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінімге қол қою қажет.
Қызмет көрсету нәтижесі — қандас куәлігі, жергілікті атқарушы органның қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімі не электрондық құжат нысанында пайдаланушының «жеке кабинетіне» жіберілген мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі — 4 жұмыс күні ішінде.