Басты бетҚоғамТоқаев: Ешқандай...

Тоқаев: Ешқандай артықшылық пен жеңілдікке құмар емеспін

Тоқаевтың сөзінше, Қазақстан «суперпрезиденттік» басқарудан мықты парламенті бар президенттік республика жүйесіне біртіндеп өтеді.

Ол мұны Қазақстан мен Түркия бизнес өкілдерінің басқосуында айтты.

5 маусымда жалпыхалықтық референдум өткізілетін болды. Конституциямыздың 33-бабына түзетулер енгізіледі. Менің мақсатым – халқыма мейлінше еркіндік беру, демократия мен заң үстемдігін күшейту. Президент ретінде ешқандай артықшылықтар мен жеңілдіктерге құмар емеспін. Мұндайды қаламаймын, – деді мемлекет басшысы.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға екі күндік мемлекеттік сапармен барды. Ол Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізіп, кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме жасады. Кейін БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Қазақстан президенті Түркия Республикасының ірі компаниялары басшыларымен кездесу өткізді.