«Иә» немесе «жоқ». Қазақстандықтар референдумда қалай дауыс береді?

Біз бүгін-ертең президенттің жарлығын күтеміз. 5 маусым — демалыс күні ыңғайлы болады деп отырмыз, — деді ол.

Мәжіліс депутаты сонымен бірге референдумда Қазақстан азаматтары қалай дауыс беретіні туралы айтты.

Бюллетеньде жауаптың тек екі нұсқасы болады: «иә» немесе «жоқ».

Референдумда шешім қабылдау үшін конституцияға енгізілетін өзгеріс мәтінімен еліміздің барлық азаматы танысуы керек. Кейін «иә» (қолдаймын) немесе «жоқ» (қарсымын) деп жауап беруі қажет, — деді Арман Қожахметов.

Айта кетейік, мұның алдында сенат «Конституцияда белгіленген мемлекеттің тәуелсіздігі, Республиканың біртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті-елбасы іргесін қалаған республика қызметінің түбегейлі принциптері және оның мәртебесі өзгермейді» деген сөздерді алып тастауды ұсынған. Бүгін, 5 мамырда мәжіліс сенаттың ұсынысын мақұлдады. Енді құжатқа президент қол қоюға тиіс.