Басты бетЖаңалықтарЗәкіржан Күзиев...

Зәкіржан Күзиев мәжіліс депутаты ретінде ант берді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңа депутатты таныстырды.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін, — деді Зәкіржан Күзиев.

Зәкіржан Күзиев экономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне дауыс беру арқылы сайланды.

Депутаттар мәжіліс депутаты Айдос Сарымды әлеуметтік-мәдени даму комитетінен халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауыстыруды бірауыздан қолдады.

Еске салайық, Зәкіржан Күзиев 2022 жылы 28 сәуірде ҚХА атынан мәжіліс депутаты болып сайланған еді.